Calciomercato хабарлауынша, «блауграна» Камбьясоны біраздан бері бақылап жүр және алдағы қысқы трансфер кезеңінде ұсыныс жасауы мүмкін. Андреа – бас бапкер Ханс-Дитер Фликтің барлық талабына сай футболшы. Ал «Ювентус» ойыншысын 30 миллион еуроға бағалап отыр.
Туриннің командасы Камбьясоны 2022 жылы «Дженоадан» 15,5 миллион еуроға сатып алған еді. Осы маусымда 26 жастағы италиялық ойыншы алты матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Андреаның «Ювентуспен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
