Осылайша Унаи АПЛ-де 200-ден көп ойыны бар бес испаниялық бапкердің қатарына қосылды. Осы көрсеткіш бойынша Пеп Гвардиола (380 матч) көш бастап тұр. Екінші орынға Рафаэль Бенитес жайғасса (359), үздік үштікті Роберто Мартинес (265) түйіндеген. Ал төртінші орында Микель Артета (257) тұр.
Эмери «Астон Виллаға» дейін АПЛ-де 2018-2019 жылдары «Арсеналды» жаттықтырған еді.
Он турдан кейін 13 ұпай жинаған Бирмингемнің клубы ішкі біріншілікте оныншы орында келеді.
