Q Football

«Удинезе» бапкері сәтсіз дебюттен кейін футболшыларын қатаң сынға алды

«Удинезе» бапкері сәтсіз дебюттен кейін футболшыларын қатаң сынға алды

Паоло Дзанетти «Удинезенің» бас бапкері ретіндегі алғашқы матчында «Венециядан» 1:2 есебімен жеңілгеніне қатысты пікір білдірді. Кезекті сәтсіздіктен кейін команда бес ұпаймен А Сериясының турнирлік кестесінде соңғы орында қалды.

«Техникалық қателіктер тым көп, ойыншылардың қорқынышы байқалатын жағдайлар да жетерлік. Екі күннің ішінде ғажайып жасау мүмкін емес», – деді бапкер Sky Sport басылымына берген сұхбатында.

Дзанетти футболшылардың психологиялық көзқарасын өзгертіп, ойын қарқынын арттыруы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, команда тұрақсыз өнер көрсетіп жүр, ал ойыншылар қорғанысқа жеткілікті жылдам оралмайды.

«Бәлкім, соңғы орында тұрғанымыз бізге тіпті пайдалы болар. Өйткені бұл бізді қарапайымдылық танытуға мәжбүр етеді», – деп қосты маман. Дағдарысқа қарамастан, ол «Удинезенің» А Сериясындағы орнын сақтап қалуға әлеуеті жеткілікті екеніне сенімді.