Q Football

Петер Бош «Реалдың» матч соңында неліктен ерекше қауіпті екенін түсіндірді

Петер Бош «Реалдың» матч соңында неліктен ерекше қауіпті екенін түсіндірді

ПСВ бас бапкері Чемпиондар лигасының бесінші турындағы кездесу алдында мадридтіктердің қатарынан тоғыз матчта жеңіске жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ол командасының өз ойын мәнерінен бас тартпайтынын айтты.

«Олар табанды, батыл және мақсаттарына жету үшін соңына дейін күреседі», — деді нидерландтық маман. Бос «Реалды» өзіндік ойын мәнері қалыптасқан мықты команда деп атап, ПСВ қарсыластың күшті тұстарын ескеруі қажет екенін жеткізді.

Нидерландтық клубтың қорғаушысы Сержиньо Дест те алдағы кездесудің оңай болмайтынын айтты.

«Олардың әр позициясында мықты футболшылар бар. Бізге қиын болатынын білеміз, бірақ жеңіске жетуге бел будық», — деді футболшы.

«Реал» мен ПСВ арасындағы матч «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді. Кездесу 25 қарашада Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын QFootball.kz сайтынан көре аласыздар.