Diario SPORT хабарлауынша, «блауграна» Инкапьені қатарға қосу жолдарын қарастырып жатыр. «Барселонаның» спорт директоры Деку Пьероның агентімен байланысқа шығып, трансфер бойынша әңгімелесіпті. Бірақ «Арсенал» бас бапкері Микель Артета маусым ортасында негізгі ойыншысынан айырылғысы келмейді.
«Зеңбірекшілер» Инкапьені шілде айында «Байерден» 40 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда жеті матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әректімен көзге түседі алмады. Пьероның Лондон клубымен келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
