Енді Ыстанбұл клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Штурмға» қарсы қарымта матчтан кейін ресми ұсынысын жолдамақ.
Қазіргі таңда «Фенербахче» құрамында 24 легионер бар. Сондықтан клуб алдымен бірнеше ойыншымен қоштасып, Түркия футбол федерациясының талаптарына сай құрамнан орын босатуды көздеп отыр. Осыдан кейін Чалханоғлының трансферін аяқтау басты мақсатқа айналады.
«Интер» тәжірибелі жартылай қорғаушы үшін 25-30 миллион еуро көлемінде өтемақы сұрауы мүмкін. Ал келісімшартының аяқталуына аз уақыт қалғандықтан, миландық клуб ойыншыны осы жазда сатып, қаржы табуды жөн көреді.
31 жастағы Чалханоғлы «Интер» сапында 212 матч өткізіп, 50 гол соғып, 39 нәтижелі пас берген.
