Marca журналисі Хорхе Пиконның мәліметінше, испаниялық жартылай қорғаушының айналасындағы адамдар оның басқа клубқа ауысуын жоққа шығармайды. «Арсенал» да ойыншымен қоштасуға дайын, бірақ оны 2025 жылдың жазында «Реал Сосьедадтан» сатып алуға жұмсаған қаржысын қайтарғысы келеді.
Субимендиге үміткерлер қатарында «Атлетико» мен «Челси» бар. Алайда мадридтік клуб мұндай трансферге қаржысы жетпейтінін түсінеді.
«Челси» де Субимендидің жағдайын бақылап отыр. Бірақ лондондықтар әзірге «Борнмуттың» ағылшын жартылай қорғаушысы Алекс Скоттқа басымдық береді. «Арсенал» да Скоттты алуға қызығушылық танытып отыр.
