Қараша айында 40 жасқа толатын португалиялық футболшы кәсіби мансабын аяқтауға шешім қабылдаған болуы мүмкін. Бұл туралы Match.kz хабарлайды. Осы маусымда вингер 24 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Нани — Португалия құрамасымен бірге 2016 жылғы Еуропа чемпионы. Клубтық деңгейде ол лиссабондық «Спортингпен» төрт трофей (Португалия кубогын үш рет және Лига кубогын бір рет) және «Манчестер Юнайтед» сапында 12 трофей жеңіп алған. Олардың қатарында Англия Премьер-лигасының төрт чемпиондық атағы, Англия Суперкубогының төрт трофейі, Чемпиондар лигасы, Лига кубогының екі титулы және клубтар арасындағы әлем чемпионаты бар.
Сондай-ақ Луиш «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори», «Адана Демирспор» және «Эштрела» клубтарында өнер көрсетті.
Португалиялық футболшы 2024 жылдың желтоқсанында кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Алайда кейін Қазақстанда мансабын қайта жалғастырды.
