Ивуарлық Франциядағы әуесқой «Монтаньи-ан-Гоэль» клубына ауысуға жақын. Бұл ұжым елдегі жетінші деңгей саналатын «Режиональ 2» чемпионатында ойнайды.
FootMercato дерегінше, 33 жастағы футболшы 2025 жылдың тамызында ирандық «Персеполис» клубынан кеткеннен кейін еркін агент мәртебесінде жүр. Қазір тараптар келісімнің соңғы детальдарын нақтылау үстінде.
Орье бапкерлік бағытта да жаңа қадам жасап үлгерді. Тамыз айында «Ланс» оны U-15 командасының бас бапкерінің ассистенті ретінде жұмысқа алған. Футболшы енді алаңдағы ойынын бапкерлер штабы құрамындағы қызметімен қатар алып жүруді көздеп отыр.
Айта кетейік, Орье - «Ланс» академиясының түлегі. Ол кәсіби мансабында ең жоғары деңгейде 400-ден астам матч өткізген. Қорғаушы «Пари Сен-Жермен» мен «Ланс» сапынан бөлек, «Тоттенхэм», «Тулуза», «Ноттингем Форест», «Вильярреал» және «Галатасарай» клубтарында да өнер көрсеткен.
