Q Football

Мадридтік «Реал» 16 жастағы супердарын үшін болған тартыста жеңіске жетті

Мадридтік «Реал» 16 жастағы супердарын үшін болған тартыста жеңіске жетті
©️Alex Livesey/Getty Images

Ағылшындық вундеркинд қаңтар айында «қаймақтармен» ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру үшін «Барселона», «Бавария» және «ПСЖ» ұсыныстарын кері қайтарды

«Манчестер Юнайтед» академиясының 16 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Джозеф (Джей Джей) Габриэль болашақ клубына қатысты түпкілікті шешім қабылдап, мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыратын болды. Беделді инсайдер Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, ағылшындық талант балама нұсқалардың барлығынан бас тартып, Испания астанасына ауысуға нық бекінген.

Жас плеймейкерге таласта «корольдік клуб» каталондық «Барселона», мюнхендік «Бавария» және франциялық «Пари Сен-Жерменнен» озып кетті, ал футболшы бұл алпауыттардың ұсыныстарын түбегейлі қабылдамады. Ресми түрде бұл трансфер қаңтардағы қысқы трансферлік терезе ашылған бойда рәсімделіп, Габриэль мадридтік клубпен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қояды.