Миландық «Интердің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Марсело Брозович катарлық «Әл-Садд» клубының ойыншысы атанды. Хорватиялық футболшы осы жазда саудтық «Әл-Насрдан» кеткеннен кейін еркін агент мәртебесінде болған еді, енді жаңа клубымен үш маусымға келісімшартқа отырды.
Катарлық гранд сапында Брозович «Ливерпульдің» экс-шабуылшысы Роберто Фирминоға қосылады. Ұлттық чемпионатта төрт матчта 12 ұпай жинап, жеке-дара көш бастап тұрған «Әл-Садд» басшылығы тәжірибелі хорваттың келуі ішкі және құрлықтық турнирлер алдында ұжымды айтарлықтай күшейтеді деп күтуде.
