Q Football

40 жастағы Возинья Оңтүстік Америкаға ауысуға дайындалып жатыр

40 жастағы Возинья Оңтүстік Америкаға ауысуға дайындалып жатыр
©️Getty Images

Чилилік «Коло-Коло» Кабо-Верде құрамасының голкиперін еркін агент ретінде қатарына қосып, бір жарым жылдық келісімшарт әзірлеуде

Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья мансабын чилилік «Коло-Колода» жалғастыруға жақын. Bolavip порталының хабарлауынша, таяу күндері 40 жастағы қақпашы медициналық тексерістен өту және 1,5 жыл мерзімге келісімшартқа отыру үшін Чилиге келеді.

Трансфер еркін агент құқығында жүзеге асады. Өткен маусым аяқталған соң Возинья соңғы екі жыл бойы өнер көрсеткен португалиялық «Шавештен» кеткен болатын.