Белгілі инсайдер Экрем Конурдың әлеуметтік желідегі жазбасына сүйенсек, манкуниандықтар қазір Фернандешке қатысты оқиғаның қалай өрбитінін бірнеше бағытта қарастырып отыр.
Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтед» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды. Transfermarkt порталы 32 жастағы футболшының нарықтағы құнын 35 миллион еуро деп көрсетеді.
Англия Премьер-лигасының осы маусымында жартылай қорғаушы сегіз матчқа қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Бұған дейін Каррик Бруну Фернандештің капитандық қасиеттеріне баға берген еді.
