Инсайдер Джанлука Ди Марционың мәліметінше, 32 жастағы футболшы миландық «Интермен» ауызша келісімге келді. Медициналық тексерістің өтетін күні әлі бекітілмегенімен, тараптар болашақ ынтымақтастықтың негізгі қаржылық және заңнамалық егжей-тегжейлерін толықтай мақұлдап үлгерді.
Ағылшын «нерадзурримен» екі жылдық келісімшартқа қол қояды, ал оның Италиядағы жалақысы бір маусымда 4 миллион еуроны құрайды. «Манчестер Ситидегі» он жылдық дәуірін аяқтағаннан кейін эркін агент мәртебесінде жүргендіктен, Стоунз миландықтарға мүлдем тегін бұйырады.
«Қалалықтар» сапында өнер көрсеткен уақытында қорғаушы 20 трофей жинақтады, оның ішінде Чемпиондар лигасының кубогы мен АПЛ-дің алты чемпиондық титулы бар. Бұдан бөлек, Джон өтіп кеткен 2026 жылғы әлем чемпионатында өзін жарқын қырынан көрсетіп, Англия құрамасына қола медаль жеңіп алуға көмектесті. Қазіргі уақытта Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 12 миллион еуроға бағалап отыр.
