Q Football

Фермин Лопес «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылығына қатысты пікір білдірді

Фермин Лопес «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылығына қатысты пікір білдірді

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы «Барселонада» қалғысы келеді

«Ондай қауесеттерге мән бермеймін. «Барселонада» ұзаққа қалғым келеді. Мансабымды осында аяқтасам деймін»,– деді Фермин Лопес.

Бұған дейін MailSport, TEAMtalk секілді басылымдар 23 жастағы ойыншының «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін екенін жазған еді. Сондай-ақ оған көз тіккендердің қатарында ПСЖ, «Арсенал» және «Челси» бар екен.

Лопес – «Барселонаның» төл түлегі. Осы маусымда ол 13 матчта алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Ферминнің Каталония клубымен келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.