Q Football

«Ливерпуль» Нгумоамен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль» Нгумоамен келісімшартты ұзартпақ

Мерсисайдтың клубы топ-клубтардың назарында жүрген жас талантын сақтап қалғысы келеді

Экрем Конурдың хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр, бірақ әлі бәтуаға келмепті. Нгумоаға «Бавария» мен «Реал» қызығушылық танытып отыр. Сондықтан «Ливерпуль» істі тезірек тындырғысы келеді.

18 жастағы англиялық вингер осы маусымда 14 матчқа қатысып, екі гол соқты. Оның «қызылдармен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.