Тараптар келісімшартты ұзарту бойынша мәмілеге келіп, компромисс табуға тырысып жатқанда, «Арсеналдың» ойыншыға деген қызығушылығы арта түсуде. «Канонирлер» басшылығы өз футболышыларына бұл трансфердің жүзеге асу ықтималдығы жоғары екенін және клуб Винисиусты Лондонға көшуге көндіру үшін бар күшін салуға дайын екенін білдіргені хабарланады.
Мадридте болса, ойыншыдан өзінің болашағына қатысты түпкілікті жауап күтуде. «Реал» «Арсеналдың» қызығушылығын құр сөз деп санамайды және лондондықтардың команда көшбасшыларының бірін қатарға қосу үшін шынымен де батыл қадамдарға дайын екеніне сенімді. Соған байланысты, келісімшартты ұзарту бойынша өтіп жатқан бұл келіссөздер раунды оқиғалардың әрі қарай өрбуі үшін шешуші сәт болуы мүмкін.
