«Кальяри» матчтың басынан-ақ белсендірек қимылдап, қарсыласынан ширақ көрінді. Алаң иелері бірінші таймның ортасына қарай есеп ашты: «Аталантадан» жалға алынған Даниэле Мальдини бұрыштамадан кейін Фаццини асырған допқа уақытында жетіп, баспен дәл соқты - 1:0.
Үзілістен кейін Песканенің командасы есепті ұлғайтуға бірнеше рет жақын болды, тіпті ірі жеңіске де мүмкіндік туды. Бірақ «Лечченің» қақпашысы Фальконе бірнеше сәтте командасын құтқарып, екінші голға жол бермеді.
Осылайша «Кальяри» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 9-орынға көтерілді. Келесі турда олар Бергамоға барып, дәл осы ойында шешуші гол соққан Мальдинидің келісімшарты тиесілі «Аталантаға» қарсы ойнайды. Ал «Лечче» 14-орында қалды, келесі қарсыласы - «Монца».
«Кальяри» - «Лечче» 1:0
Гол: Мальдини, 29
«Кальяри»: Каприле - Педру, Дейола, Родригес (Кофлер, 66), Оберт - Адопо, Уинкс, Романо - Фаццини (Феличи, 61), Мальдини - Менди
«Лечче»: Фальконе - Вейга, Гашпар (Зиберт, 66), Габриэл, Галло - Кулибали, Нгом (Фатах, 46), Илич (Малех, 66) - Пьеротти (Бериша, 82), Штулич, Монтейру (Ндри, 66)
Ескертулер: Дейола - Гашпар, Зиберт
