Q Football

«Арсенал» Деклан Райспен келісімшартты ұзартуға жақын

«Арсенал» Деклан Райспен келісімшартты ұзартуға жақын
BBC

Жартылай қорғаушы Букайо Сакамен қатар лондондық клубтың ең жоғары жалақы алатын екі ойыншысының біріне айналуы мүмкін.

BBC мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөз наурыз айында-ақ басталып, қазір соңғы кезеңге жетті. 27 жастағы ағылшын футболшысының қолданыстағы келісімі 2028 жылға дейін жарамды, ал Премьер-лига чемпионының басшылығы оны командада алдын ала бекітіп алуға ниетті.

Жаңа келісімшарт жалақының едәуір өсуін көздейді. Қазір Райс аптасына шамамен 281 мың еуро алады, ал қол қойылғаннан кейін оның табысы 410 мыңға дейін артады. «Зеңбірекшілердің» ең жоғары жалақы алатын ойыншысы Сака да осынша табады.

Райс «Арсеналға» 2023 жылғы шілдеде «Вест Хэмнен» 116,6 миллион еуроға ауысқан. Содан бері ол лондондықтардың негізгі құрамында 150-ден астам рет алаңға шықты. Англия құрамасы сапында хавбек 80 матч өткізіп, сегіз гол соқты, ал ұлттық команданың бас бапкері Томас Тухель оны Еуропаның үздік жартылай қорғаушыларының бірі деп атаған.

Бір күн бұрын клуб бас бапкер Микель Артетамен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзартқанын жариялады.