Q Football

АПЛ париждік клубтың 18 жастағы түлегіне бәсеке бастады

АПЛ париждік клубтың 18 жастағы түлегіне бәсеке бастады

Ағылшын футболының «Челси», «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» сияқты үш гиганты «ПСЖ» вингері Ибрагим Мбайе үшін бәсекеге түсті, деп хабарлайды RMC Sport.

Елордалық гранд өзінің жас талантын € 50 млн еуроға бағалап отыр және сатып алушылар сұралған соманы төлеуге дайын болса, ойыншыны сату нұсқасын қарастыруға әзір. Бағаның жоғарылығына қарамастан, вингерге АПЛ көшбасшыларынан бөлек лондондық «Тоттенхэм», сондай-ақ германиялық «Байер» мен Дортмундтың «Боруссиясы» да қызығушылық білдіруде.

«ПСЖ» академиясының түлегі Франциядағы өз буынының ең жарқын өкілдерінің бірі болып саналады. Мбайенің мүддесін жақында ғана беделді португалиялық агент Жорже Мендестің өкілдік ете бастауы ықтимал жақын арадағы трансфердің қосымша белгісіне айналды.