Q Football

Боруссия Д Der Klassiker матчында Бавариядан жеңілістен аман қалды

Боруссия Д Der Klassiker матчында Бавариядан жеңілістен аман қалды
Getty Images

Венсан Компанидің командасы бұған қоса жарақаттарға байланысты үш негізгі ойыншысынан да айырылды.

Мюнхендік клуб сапында есепті 38-минутта Конрад Лаймер ашты. Екінші таймда дортмундтықтар 60-минутта Серу Гирассидің голымен таразы басын теңестірді, бірақ арада алты минут өткенде Дайо Упамекано «Баварияны» қайта алға шығарды - 2:1. Дегенмен кездесудің соңына қарай, 89-минутта Силва гол соғып, «Боруссия Д»-ны жеңілістен құтқарды.

56-минутта «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн пенальтиді пайдалана алмады: оның соққысы қақпаның көлденең тіреуіне тиді.

«Бавария» құрамы: Урбиг - Лаймер, Упамекано, Ким, Дэвис - Киммих, Павлович - Олисе (Карл, 84), Сайбари (Браун, 29), Гнабри (Станишич, 31) - Кейн.

«Боруссия Д» құрамы: Кобель - Гаду (Рюерсон, 87), Антон, Шлоттербек - Байер (Карецас, 67), Верман, Нмеча (Силва, 76), Свенссон - Беллингем (Иначио, 87), Чуквуэмека (Забитцер, 67) - Гирасси.

Ескертулер: Станишич, Лаймер - Беллингем.