«Гамбург» көп күттірмей жауап берді. 14-минутта Моффи есепті теңестіріп, ойынға интрига қосты. Дегенмен үзілістен кейін «Айнтрахт» шабуылдағы қарқынын арттырып, нәтижені өз пайдасына шешті.
Екінші таймның басында, 47-минутта Оньедика дәл соққымен командасын қайта алға шығарса, 69-минутта Эбнуталиб есепті 3:1-ге жеткізді. Осы жеңістен кейін «Айнтрахт» 11 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді.
Ал «Гамбург» сегіз турдан кейін 9 ұпаймен 15-орында қалып отыр.
«Айнтрахт» Франкфурт - «Гамбург» 3:1
Голдар: Омари (өз қақпасына), 10, Оньедика, 47, Эбнуталиб, 69 - Моффи, 14
«Айнтрахт» Франкфурт: Атуболу - Баум, Кох, Брасье, Косуги (Кнауфф, 46) - Оньедика, Асеко (Гетце, 90) - Доан, Узун (Иличевич, 89), Шаиби - Эбнуталиб (Буркардт, 74)
«Гамбург»: Фернандеш - Нанджа, Торунарига, Омари - Лемке (Эль-Уахди, 63), Самби Локонга (Амоако, 79), Мугайм, Меллер Вольфе - Аделин (Рессинг-Лелесеиит, 80), Гренбек (Штанге, 88) - Моффи (Дака, 63)
Ескертулер: Баум, Кох - Нанджа, Аделин, Омари
