Q Football

Трансфер әлі бұзылған жоқ: Плеттенберг Диоманд төңірегіндегі жағдайды айтып берді

Трансфер әлі бұзылған жоқ: Плеттенберг Диоманд төңірегіндегі жағдайды айтып берді
Getty Images

Неміс клубы «Реалдың» ұсыныстарын қатарынан қабылдамай жатыр. «Лейпцигтің» бұл ұстанымы Диомандтың Мадридке көшуін уақытша тоқтатып тұр.

Белгілі спорт журналисі әрі инсайдер Флориан Плеттенберг Ивуар құрамасы мен «РБ Лейпциг» вингері Ян Диомандтың мадридтік «Реалға» ауысуы неліктен кешігіп жатқанын түсіндірді.

​Бұған дейін БАҚ беттерінде бұл трансфердің соңғы сатыда тұрғаны және құны 100 миллион еуродан асатыны туралы белсенді түрде жазылған болатын. Тіпті, неміс клубы «Реалдың» 100 және 115 миллион еуро көлеміндегі екі ұсынысын кері қайтарғаны хабарланған еді.

​Плеттенбергтің мәліметінше, қазіргі уақытта «Лейпциг» «Реалдың» соңғы ұсынысына жауап беруге асықпай отыр. Соның салдарынан мадридтіктер әлі күнге дейін қарсы ұсыныс немесе нақты жауап ала алмай келеді. Дегенмен, клубар арасындағы келісімшарт сомасы әлі толық келісілмесе де, инсайдер мәміленің әлі де бұзылмағанын және тараптардың жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

​Еске сала кетейік, Ян Диоманд «Лейпциг» сапында 2025 жылдан бері өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол 36 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оның құнын 90 миллион еуроға бағалайды. Ойыншының неміс клубымен келісімшарты тағы төрт жылға есептелген.