Q Football

Әліптің агенті «Галатасарайға» трансфері туралы жауап берді

Әліптің агенті «Галатасарайға» трансфері туралы жауап берді
©️ФК «Зенит»

Қазақстандық футболшының өкілдері инсайдерлерді Түркия Суперлигасының регламентін білмейді деп айыптады

«Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліптің мүддесін қорғайтын PC Management агенттігі ойыншының Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін екендігі туралы БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ұйым өкілдері Ыстанбұлдың «Галатасарайы» футболшының өзіне де, петерборлық клубқа да ешқандай ресми сауал жолдамағанын мәлімдеп, тараған қауесеттерді жергілікті лиганың қазіргі ережелерінен бейхабар жандардың ойдан шығарғаны деп атады, өйткені Түркияда қазақстандықтар енді бұрынғы жеңілдік мәртебесіне ие емес және толыққанды легионер саналады.

Қазақстан құрамасының 24 жастағы қорғаушысының өкілдері сонымен қатар «көк-ақ-көгілдірлермен» арадағы қолданыстағы еңбек шарты әлі бір жарым жылға есептелгенін, сондықтан ойыншы тарапы келісімшартты ұзарту мәселесін асықтырмайтынын нақтылады. Қазіргі таңда Әліп бар назарын «Зенит» сапында өнер көрсетуге, негізгі құрамнан тұрақты орын алу жолындағы күреске және кезекті чемпиондық жүлдені жеңіп алуға толық бағыттаған.