Q Football

АПЛ-дің үш клубы Тюрамға көз тікті

АПЛ-дің үш клубы Тюрамға көз тікті
Getty Images

Тоттенхем, Ньюкасл және Астон Вилла Интердің француз шабуылшысын трансферлеуге қызығушылық танытып отыр.

Бұл ақпаратты инсайдер Экрем Конур таратты.

Дереккөздің жазуынша, 29 жастағы шабуылшыны өз құрамында көргісі келетіндер қатарында «Тоттенхэм», «Ньюкасл» және «Астон Вилла» бар. Бірақ қазіргі сәтте аталған клубтардың ешқайсысы трансферге қатысты ресми ұсыныс жолдамаған.

Сонымен бірге «Интер» басшылығы Тюрамды команда үшін маңызды ойыншы деп есептейді және оны сатуға аса ниетті емес. Алайда 60 миллион еуро көлеміндегі ұсыныс миландықтардың шешіміне әсер етуі ықтимал.

Маркус Тюрам «Интер» сапында барлық турнирде үш матч өткізіп, бір гол соқты.

Бұған дейін Жозе Моуринью «Реалдың» қорғанысын Алессандро Бастонимен күшейткісі келетіні туралы ақпарат шыққан.