Соңғы екі турда «қызыл-ақтарды» уақытша тізгіндеген Ернар Жалбыров клуб жүйесінде жұмысын жалғастырады. Ол Черевченконың бапкерлер штабына қосылып, тәжірибелі маманның жанында кәсіби тұрғыда өсіп, тәжірибе жинайды.
Жалбыров жетекшілік еткен кезеңде ақтөбеліктер екі матчта да жеңіске жетті: алдымен сырт алаңда «Алтайды» 4:2 есебімен ұтты, кейін өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңді.
ҚПЛ-дың 19 турында кейін «Ақтөбе» 31 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келеді. Команда медаль мен еурокубок жолдамасы үшін күресін жалғастырып жатыр.
