Q Football

Майк Меньянның жағдайы белгілі болды

Майк Меньянның жағдайы белгілі болды

Франция құрамасының қақпашысы Түркияға қарсы ойында (2:1) аяғын ауыртып алып, бірінші таймнан кейінгі үзілісте алаңнан кеткен еді

Бірақ медициналық тексерістен кейін оның жарақат алмағаны анықталды. Осылайша Меньян «Миланның» келесі «Фрозинонеге» қарсы кездесуінде алаңға шығады.

31 жастағы голкипер осы маусымда 14 матчта 16 гол өткізіп, төрт ойында қақпасына доп жібермеді. Оның «россонерримен» келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.