Q Football

«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» ван де Венді бақылап жүр

«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» ван де Венді бақылап жүр

Ағылшынның екі алпауыт клубы «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Венді қорғаныс орталығын күшейтудің ықтимал нұсқасы ретінде қарастырып отыр.

CaughtOffside мәліметінше, «Ливерпуль» 25 жастағы нидерландтықты келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды Вирджил ван Дейктің ұзақ мерзімді мұрагерлерінің бірі деп санайды.

Ван де Вен мерсисайдтықтардың назарын ойын стилімен аударып отыр. Ол солақай, жылдамдығы жоғары, физикалық тұрғыдан мықты және Премьер-лиганың талаптарына бейімделіп үлгерген.

Футболшыға «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытып жүр. Манкуниандықтар қорғаныс шебін күшейтудің түрлі нұсқаларын қарастыруда, ал ван де Веннің жасы, Англиядағы тәжірибесі және орталық қорғаныстың сол жағында ойнай алуы маңызды артықшылық саналады.

Сонымен қатар «Тоттенхэм» негізгі ойыншыларының бірін сатуға мүдделі емес. Тамыз айында ван де Вен клубпен келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартты және капитандық таңғышты алды.

Дереккөз мәліметінше, лондондықтар қорғаушыны 80–90 млн фунтқа бағалап отыр. Сондықтан ықтимал сатып алушыларға қомақты ұсыныс дайындауға тура келеді.