Футболшы Париж маңында өсіп, 12 жасында «ПСЖ» академиясына қабылданды. Ол жерде Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Неймармен бірге жаттыққанымен, негізгі командадан орын ала алмады.
«Торинодағы» сәтсіз кезеңнен кейін Вайдманн Нидерландтың «РКС» клубына ауысып, ауыр жарақат алды. Статистикасы аса жоғары болмағанына қарамастан, өткен жылдың жазында оған «Твенте» қызығушылық танытты.
Биылғы маусымдағы ең жарқын сәттердің бірі – оның «ПСВ» қақпасына жеке шеберлігінің арқасында соққан жеңіс голы. Вайдманн өзінің басты мақсатын да жасырмайды: бір күні Франция ұлттық құрамасына шақырту алу.
