«Астана» шабуылшысы Рамазан Каримов жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыса алмайды. Оның орнына ұлттық командаға «Елімай» клубының форварды Айбар Жақсылықов шақырту алды.
13 қарашада Қазақстан құрамасы Кишиневте Молдоваға қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.
Ұлттар лигасы С дивизионының 3-ші тобында төрт турдан кейін Словакия 10 ұпаймен көш бастап тұр. Фарер аралдары мен Молдованың еншісінде төрт ұпайдан бар. Ал Қазақстан құрамасы екі ұпаймен соңғы орында келеді.
