Бельгиялық шабуылшы Лоис Опенда туриндік «Ювентуспен» қоштасып, мансабын Францияда жалғастырады. Sky Sport басылымының ақпаратына сүйенсек, футболшы «Олимпик Лион» клубына сатып алу құқығы қарастырылған ақылы жалға беру келісімі бойынша ауысады. Ойыншы үшін Франция чемпионаты таңсық емес: ол 2022/2023 жылғы маусымда «Ланс» намысын қорғап, 38 кездесуде 21 рет мергендігімен көзге түскен болатын. Алайда, Италиядағы мансабы күткендегідей нәтижелі болмады. Опенда «Ювентус» жейдесінде 34 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына небары 2 гол ғана соға алды. Енді ол өзіне таныс Лига 1-де бұрынғы бабына қайта оралып, қайта жарқырауға тырысады.
Италияда жолы болмаған Лоис Опенда Лига 1-ге қайта оралмақ

Туриндік клубтағы бір жылдық сәтсіздіктен соң, бельгиялық форвард франциялық чемпионатқа қайта оралып, бағын сынамақ.