Q Football

Спаллетти «Леччені» жеңгеннен кейін «Ювентустың» ойынына көңілі толмады

Спаллетти «Леччені» жеңгеннен кейін «Ювентустың» ойынына көңілі толмады

Туриндік клубтың бас бапкері Лучано Спаллетти А Сериясында 2:0 есебімен жеңіске жеткеніне қарамастан, футболшыларының екінші таймдағы әрекетін сынға алды. Маман команданың ойын қарқынын төмендеткені тіпті ұйқысын қашыруы мүмкін екенін мойындады.

«Екінші таймды еске алсам, бүгін түнде ұйықтай аламын ба, білмеймін», – деді Спаллетти Sky Sport арнасына берген сұхбатында.

Бапкердің айтуынша, «Ювентус» бірінші таймды сенімді өткізіп, қауіпті сәттер ұйымдастырды және жоғары қарқынмен ойнады. Алайда үзілістен кейін футболшылар сақтыққа көбірек мән беріп, есептегі басымдығын сақтап қалуға тырысқан.

Спаллетти «Лациомен» матчтан кейін енгізген тактикалық өзгерістеріне де тоқталды. Қорғаныстың сенімділігін арттырып, қарсыластың қауіпті қарымта шабуылдарын азайту үшін бапкер үш орталық жартылай қорғаушысы бар 5-3-2 жүйесіне көшкен.

Туриндіктерге жеңісті Уэстон Маккенни мен Дуглас Луистің голдары әкелді. Дегенмен Спаллетти команда есепте алға шыққаннан кейін бәсең ойынға көшпей, кездесудің соңына дейін жоғары қарқынды сақтауы керектігін атап өтті.