Q Football

Кейн: «Месси мен Роналдуға қарап, бой түзедім»

Кейн: «Месси мен Роналдуға қарап, бой түзедім»

2026 жылғы «Алтын доп» иегері мұндай жетістікке жетуге не итермелегенін айтты

«Месси мен Роналдудың ойынына қарап, мұндай деңгейге жете алу мүмкін екенін түсіндім. Одан кейін «Алтын допты» Модрич пен Бензема жеңді. Ал Родри мен Дембеленің топ жарғанын өз көзіммен залда отырып көрдім. Мұның бәрі еңбекпен және сеніммен келетінін көрсетеді»,– деді Кейн France Football-ға берген сұхбатында.

Кейн «Алтын доп» рейтингінде екінші орындағы Килиан Мбаппеден 17 ұпайға озып, топ жарды. 33 жастағы англиялық форвард өткен маусымда 51 матчта 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал Әлем чемпионатында алты гол мен бір ассисттің авторы атанды.