Миландық «Интер» жартылай қорғау шебін күшейтуді көздеп, «Ливерпуль» ойыншысы Кёртис Джонсты трансферлік мақсаттардың бірі ретінде қарастырып отыр.
Алайда «Ливерпуль» басшылығы 25 жастағы жартылай қорғаушыны жоғары бағалап, оның трансферінен кемінде 40 миллион еуро табыс табуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ мерсисайдтық клуб бұған дейін «Интердің» 25,4 миллион еуро көлеміндегі ұсынысын қабылдамай тастағаны хабарланды.
Өткен маусымда Джонс ағылшын клубының негізгі ойыншыларының бірі болды. Ол барлық турнирде 49 матч өткізіп, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Футболшының «Ливерпульмен» жасалған келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның қазіргі нарықтық құны 35 миллион еуроға бағаланады.
