Белгілі инсайдер Фабрицио Романо DAZN España арнасындағы Fabrizio Responde бағдарламасында француз грандының трансферлік жоспарларына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Луис Энрике командасының басшылығы мадридтік «Реалдың» жұлдызды футболшысын шақыруды көздеп отырған жоқ.
«Жоқ. Бұл соншалықты танымал футболшы болмайды», — деді Романо бразилиялық шабуылшының ықтимал трансфері туралы сұраққа жауап беріп.
Бұған дейін БАҚ-та Винисиустың маусымды сәтсіз бастауына байланысты «Реалдан» кетуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда дереккөздің мәліметінше, париждіктер 26 жастағы футболшыны ықтимал жаңа ойыншы ретінде қарастырмайды
