Қолданыстағы регламентке сәйкес, клубтар өтінім тізіміне жасына шектеу қойылмаған сегіз шетелдік футболшыны және 21 жастан аспаған тағы екі ойыншыны енгізе алады. The Times басылымының мәліметінше, легионерлер санын кемінде 14 ойыншыға дейін арттыру мәселесі талқылануда.
Жаңа регламент бекітілген жағдайда саудиялық клубтардың құрамын күшейту мүмкіндігі артып, Еуропа чемпионаттарынан футболшылардың жаппай ауысуының жаңа толқыны басталуы ықтимал.
Клуб өкілдері түпкілікті шешімнің қысқы трансферлік терезе ашылғанға дейін қабылдануына мүдделі.
