TEAMtalk ақпаратына сүйенсек, екі клуб та норвегиялық сұрмергеннің 2027 жылы команда ауыстыруынан үмітті.
Өткен жылы Холанд «қалалықтармен» айқын өтемақы сомасы жоқ 9 жылдық келісімшартқа отырғанына қарамастан, Испаниядағы дереккөздер оның клубтан кетуіне жол ашатын жасырын тетіктердің бар екеніне сенімді. Сонымен қатар, футболшы мен клуб басшылығы арасында ауызша келісім бар: егер шабуылшы жаңа белесті бағындырғысы келсе, «Манчестер Сити» оны күштеп ұстап отырмайды.
Қазіргі уақытта норвегиялық ойыншы ағылшын клубына толықтай адал, дегенмен Ла Лига грандтары жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.
