Le Parisen хабарлауынша, қос тарап келісімшартты созу жөнінде келіссөз бастапты. Бас бапкер Луис Энрике оны жоғары бағалайды және командасында қалғанын қалайды. Бірақ Хакимидің өкілдері мұндай қадамға баруды әлі ерте деп есептейді.
Париждің клубы Ашрафты 2021 жылы «Интерден» 68 миллион еуроға сатып алған еді. 27 жастағы ойыншы осы маусымда 13 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
