Мюнхендік «Баварияның» жанкүйерлері тамыз айының қорытындысы бойынша команданың ең үздік футболшысын анықтау дауыс беруін қорытындылады. 43,8% дауыс жинаған Майкл Олисе сенімді жеңіске жетті. Франциялық вингер қорғаушы Натаниэль Браун (20,1%) мен қанаттағы әріптесі Луис Диастан (9,7%) айтарлықтай басым түсті.
Маусымның бастапқы кезеңінде 24 жастағы шабуылшы әсерлі нәтижелілік көрсетті. Өткен айдағы екі кездесуде Олисе екі гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, мюнхендік ұжымның табысына тікелей үлес қосты.
Майкл Олисе «Баварияда» тамыз айының үздік ойыншысы атағы үшін күресте бәсекелестеріне шаң қаптырды

24 жастағы франциялық вингер екі матчта үш нәтижелі іс-әрекет жасап, Натаниэль Браун мен Луис Диасты артта қалдырды