«Манчестер Юнайтед» пен «Ювентус» «Болонья» мен Колумбия құрамасының орталық қорғаушысы Джон Лукуми үшін таласқа түсті, деп хабарлайды Corriere dello Sport. Туриндік клуб 28 жастағы футболшыны € 18 млн-ға сатып алуға әрекет жасағанымен, теріс жауап алды. Дереккөз мәліметінше, «қызыл сойқандар» қаржылық тұрғыдан әлдеқайда тиімді ұсыныс жасай алады.
Өткен маусымда колумбиялық қорғаушы барлық турнирде клуб сапында 43 кездесу өткізіп, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді, сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатында бес матчқа қатысты. Лукумидің италиялық ұжыммен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген, ал оның Transfermarkt порталындағы нарықтық құны € 22 млн-ды құрайды.
«Ювентустің» ұсынысы кері қайтарылған соң: «Манчестер Юнайтед» Колумбия құрамасының негізгі қорғаушысын іліп әкетуге дайын

«Болонья» Джон Лукуми үшін ұсынылған бастапқы € 18 млн-нан бас тартты және АПЛ-дан алдеқайда қомақты ұсыныс күтуде