«Шынымды айтсам, мансабымды солай жоспарладым: Еуропадағы соңғы нүктені «Ювентуста» қоямын деп ойладым», — деді Данило «Жи-эн-ти Папо де Сегунда» бағдарламасының эфирінде.
Футболшының айтуынша, бетбұрыс Тиаго Мотта келгеннен кейін болды.
«Ішкі мәселелерге байланысты маған деген көзқарас өзгерді. Бұрынғы сенім мен мойындау жоғалды, сөйтіп мен жобаның бір бөлігі болудан қалдым», — деді ол.
Данило бұл тәжірибе оны тек футболға емес, болашаққа деген көзқарасын да қайта қарауға мәжбүр еткенін атап өтті.
«Кейде біз өзімізді бақыт белгілі бір жерде немесе белгілі бір өмір салтында ғана бар деген әдемі оймен жұбатамыз. Бірақ шын мәнінде олай емес», — деді қорғаушы.
Оның пікірінше, мансап та, өмір де үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан алдын ала жоспарланған «мінсіз соңғы нүктеге» жету әрдайым мүмкін бола бермейді.
