Сынға «Ювентустың» Серия А-ның кезекті турында «Дженоаға» 0:2 есебімен жеңілуі себеп болды. Қазір Лучано Спаллетти шәкірттері 14 ұпаймен турнир кестесінде небәрі сегізінші орында тұр.
Ди Канионың сөзінше, тактикалық сызбаларды өзгерту мен «Лечче» секілді онша мықты емес қарсыластарды жеңу басты мәселені шешпейді. «Команда алаңда жаман көрінбеуі мүмкін, бірақ қарсылас қақпасы алдында өткірлік пен екпін жетіспейді. Командада рух жоқ, ешқандай оң өзгерістің белгісі байқалмайды», – деді ол Sky Sport Italia эфирінде.
Бұрынғы шабуылшы туриндіктердің кейде 10–15 минуттық кезеңдерді жақсы өткізетінін, алайда кейін тіпті сенімді футболшылардың да қателесе бастайтынын атап өтті. Мысал ретінде ол әрдайым сенімді ойыны мен дұрыс шешімдерімен ерекшеленетін қорғаушы Пьер Калулуды келтірді.
«Бұл – нағыз хаос. Олардың бұл жағдайдан қалай шығатынын түсінбеймін», – деп қорытындылады Ди Канио.
