Q Football

Забарный қыста ПСЖ-ден кетуі мүмкін

Забарный қыста ПСЖ-ден кетуі мүмкін
Getty Images

Украиналық қорғаушы өз ойынымен Луис Энрикені толықтай сендіре алмады және қысқы трансферлік терезе кезінде-ақ клубын ауыстыру қаупі бар.

FootParisien дерегінше, Луис Энрике мен оның штабы Забарныйдың жаттығудағы да, ресми матчтардағы да көрсеткішіне разы емес.

Бұл мәселе «Брестке» қарсы ойын алдында анық байқалған. Испаниялық бапкер Лига 1-дің 4-турындағы кездесуге украиналық қорғаушыны өтінімге қоспаған.

Забарный өткен маусымда «ПСЖ»-ге ауысқаннан кейін жаңа ортаға бейімделуі қажет болды. Алайда дереккөз мәліметі бойынша, ол өз ойынымен бапкерлер штабын толық сендіре алмады.

Егер алдағы айларда жағдай өзгермесе, «ПСЖ» қыста 24 жастағы қорғаушымен қоштасу нұсқасын қарастыруы мүмкін. Ондай жағдайда Забарныйға жаңа клуб іздеуге тура келеді.