Q Football

Кьеллини «Ювентустың» қайта күшейетініне сенеді

Кьеллини «Ювентустың» қайта күшейетініне сенеді

Клуб басшыларының бірі Джорджо Кьеллини «Ювентустың» бұрынғы деңгейіне оралатынына сенеді. Оның айтуынша, сауығып келе жатқан Кенан Йылдыз командаға көмектесе алады.

«Ювентус» әрқашан үміт сәулесін көреді. Кейде оны байқау қиын, кейде анық көрінеді. Бірақ ол бар, команда міндетті түрде қайта көтеріледі. Бұрынғы биігіне тезірек жетуі үшін бәріміз бар күшімізді салып жатырмыз», — деді Кьеллини.

Ол Йылдыздың жағдайы жақсарғанын да айтты. «Ол бізге әрқашан көмектесе алады. Қазір жағдайы тәуір», — деді Кьеллини. «Доппен жаттығуды қайта бастады, бірақ оған әлі біраз уақыт керек. Ол біз үшін өте маңызды ойыншы. Бұрынғыдай команданың ойынын жаңа деңгейге көтере алады».