Q Football

Барселона Ливерпульге Араухоны мерзімінен бұрын сатып алуды ұсынды

Барселона Ливерпульге Араухоны мерзімінен бұрын сатып алуды ұсынды

Каталондықтар уругвайлықты қаңтарда-ақ сатқысы келеді, ал мерсисайдтықтар трансферді талқылауға дайын, бірақ бұған дейін келісілген соманы қайта қарауды қалайды.

27 жастағы Араухо жазғы трансферлік кезеңнің соңына таман мерсисайдтықтарға жалға беріліп қосылған. Қорғаушының ойыны «Ливерпуль» басшылығына ұнап, клуб оны біржола қалдыруға қарсы емес. Алғашқы келісімде 55 миллион еуроға сатып алу опциясы көрсетілген, әрі футболшының өзі де «Энфилдтегі» жағдайына разы.

Дегенмен тараптар арасында байланыс орнағанымен, «Ливерпуль» мәмілені жоспарланған уақыттан ертерек рәсімдеу үшін қаржылық талаптарды қайта қарауды қалайды. Ағылшын клубы 40-45 миллион фунт көлеміндегі соманы әділ деп есептейді. Ал «Барселона» құрамды күшейтуге қаржы қажет болғандықтан, бағаны айтарлықтай төмендетуге дайын емес.

Қаңтар айында каталондықтардың негізгі мақсаттарының бірі - сол аяқпен ойнайтын орталық қорғаушы алу. Бұған дейін бұл рөлге үміткерлер қатарында «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес те аталған.

Еске сала кетейік, Араухоның «Ливерпульмен» жалға беру келісімі 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.