Q Football

Қазақстан - Словакия матчының бірінші таймы сенсацияға айналды

Қазақстан - Словакия матчының бірінші таймы сенсацияға айналды
Kff

Астанада Ұлттар лигасының алтыншы турының матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Словакия құрамасын қабылдап жатыр

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы есепте алға шықты - 29-минутта Ислам Чесноков гол соқты. Осылайша үзіліске дейін алаң иелері Словакиядан 1:0 есебімен басым болды.

Қазақстан бұл кездесуді мына ойыншылармен бастады: Покатилов, Аширбек, Малый, Жұмаханов, Әліп, Исламхан, Тапалов, Қараман, Вороговский, Чесноков, Кенжебек.

Матч алдында Словакияның қоржынында 11 ұпай болды және ол Ұлттар лигасының «С» дивизионы 3-тобында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен еді. Ал екі ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде төртінші, соңғы орында тұрған.