Q Football

Артета АПЛ-дың ең бай бапкері болайын деп тұр

Артета АПЛ-дың ең бай бапкері болайын деп тұр
©️standard.co.uk

Еске сала кетсек, испаниялық маман лондондық клубпен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзартты

The Times басылымының хабарлауынша, жаңа келісім испаниялық маманды Англиядағы ең жоғары жалақы алатын жаттықтырушыға айналдырды. Енді оның бонустарды қосқандағы жылдық табысы 25 миллион фунт стерлингті құрайды, бұл бұрынғы окладынан 10 миллионға артық.

Өткен маусымда команданы чемпиондық титулға жеткізген «зеңбірекшілердің» бапкері клубта 2019 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп келеді және ағылшын лигалары тренерлері арасында ең ұзақ қызмет еткен бапкер мәртебесін сақтап отыр.