Q Football

«Реал» Винисиусқа соңғы ұсынысын жасады, «Арсенал» жағдайды бақылауда

«Реал» Винисиусқа соңғы ұсынысын жасады, «Арсенал» жағдайды бақылауда
© Сhampionat.com

Marca мәліметінше, егер бразилиялық жаңа келісімге қол қоюдан бас тартса, мадридтік клуб бұл мәселені қайта қарастырмайды.

Дереккөздің жазуынша, жағдайды Лондонның «Арсеналы» жіті бақылап отыр. Бұған дейін ағылшын клубының Винисиусқа қызығушылық танытып жүргені хабарланған болатын.

24 жастағы шабуылшы «Реал» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 375 матчқа қатысып, 128 гол соғып, 100 нәтижелі пас берді.

Винисиустың мадридтік клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 140 миллион еуроға бағалайды.