Q Football

Жезуш Роналдудың Португалия құрамасынан кетуіне өзін кінәлі санамайды

Жезуш Роналдудың Португалия құрамасынан кетуіне өзін кінәлі санамайды

Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш Криштиану Роналдудың халықаралық мансабын аяқтау туралы шешімі өзі үшін күтпеген жаңалық болғанын айтты. Маманның сөзінше, ол бұл туралы футболшының қоштасу бейнежазбасы жарияланғаннан кейін ғана білген.

«Бұған дейін ештеңе білмедім. Ол ойнап жүрді, гол соқты, менің командамдағы футболшылардың бірі болды», – деді Жезуш. Бұған дейін Норвегияға қарсы матчтан кейін бапкер мен шабуылшы арасында жанжал туындаған еді. Сол кездесуде Роналду қыздырынуға жіберілгенімен, алаңға шықпаған.

БАҚ мәліметінше, осы оқиғадан кейін португалиялық футболшы ұлттық құраманың орналасқан жерінен рұқсатсыз кетіп, айыппұл алған. Алайда Жезуш өз шешімін өзгертпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ол тек команданың мүддесін басшылыққа алған.

«Мен оның кетуіне өзімді ешқандай кінәлі сезінбеймін. Бәлкім, оқиғалардың тезірек өрбуіне әсер еткен шығармын, бірақ бұл менің кінәм емес», – деді бапкер. Сонымен қатар Жезуш Роналдуды ұлттық құрамаға қайта шақыруды жоспарлағанын мойындады. Дегенмен қазір ол футболшының халықаралық мансабын аяқтау туралы таңдауына құрметпен қарайтынын жеткізді.