Q Football

Бір ай ойнамайды: Бенуа Бадьяшиль жарақат алды

Бір ай ойнамайды: Бенуа Бадьяшиль жарақат алды

«Наполи» орталық қорғаушысы қатардан шықты

25 жастағы француз «Ромаға» қарсы кездесуде (3:3) сан бұлшық етін зақымдап алды. Il Mattino басылымының хабарлауынша, ол осыған байланысты шамамен бір ай командасына көмектесе алмайды. Нәтижесінде Бенуа «Монца», «Ювентус», «Порту» және «Лациоға» қарсы матчтардан тыс қалады.

Неапольдің клубы Бадьяшильді тамыз айында «Челсиден» үш миллион еуро төлеп, бір маусымға жалға алған еді. Ол содан бері бес матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.